$ 479.38  531.63  5.27

«Бір жерлеріңе тығып қойыңдар»: Мария Агапова Қазақстан көмегінен бас тартты

Ол кей адамдардың оны «сексуалдық құлдыққа» сатып жібергісі келгенін айтып, шағымданған еді.

Фото:  Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images
Фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images

UFC-дегі тұңғыш қазақстандық әйел «жыныстық құлдық» дауынан кейін АҚШ тұрғыны болғанын және Қазақстан елшілігіне хабарласудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін қазақстандық UFC файтері үйсіздерге баспана іздеуге тура келетінін айтып, АҚШ-тағы қиын жағдайымен әлеуметтік желіде бөлісіп, көмек сұраған болатын.

Тіпті жұмыс тауып береміз деген желеумен кей адамдардың  оны «сексуалдық құлдыққа» сатып жібергісі келгенін айтып, шағымданған еді.  

Алайда бүгін UFC-дегі тұңғыш қазақстандық әйел файтер Instagram парақшасында Қазақстаннан ешқандай көмек қажет емес деп жариялады.

Қиын жағдайдан шығуға шынайы  көмектесіп жатқан барлық адамға рахмет. Егер сіздер мені Қазақстандағы әйелдерге арналған орталықтардың біріне алып кеткілеріңіз келсе, онда ондай «көмекті» бір жерлеріңе тығып қойыңдар. Осыдан 1 апта бұрын барлығының көзінше әйелді өлтіріп кетті және бұл жағдайға бәрі немқұрайлы қарады, - делінген оның Instagram-дағы сторизінде.

Сондай-ақ Агапованың қазіргі таңда Қазақстан азаматтығынан бас тартып, АҚШ резиденттігін алғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары