$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандық спортшы Германиядағы турнирдің чемпионы атанды

Екі сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстандық спортшы және әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Германияда өткен Аугсбург  челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы қазақстандық теннисші финалда өзінен үш жас кіші, дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған даниялық Элмар Мюллермен чемпиондыққа таласты.

Жарыс нәтижесінде Скатов 5:2 есебімен алға шығып, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен кездесуді тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3.

Екі сағат 37 минутқа созылған бәсеке барысында Скатов 1 эйспен бірге 18 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Мюллер 4 эйс, 8 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, челленджер жарысында үздік шыққан Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 199-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге кіріп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары