$ 473.15  515.12  5.4

Қарағандыда әкімнің орынбасары қоқыс жәшіктерін теуіп құлатқан (ВИДЕО)

Қарағанды облыстық мәслихат депутаты Айдос Ещанов шенеуніктің неліктен бұлай істегенін түсіндірді.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Қарағандыда аудан әкімінің абаттандыру мәселелері жөніндегі орынбасарының ерсі әрекеті түсірілген видео желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде Қарағанды ​​қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің абаттандыру жөніндегі орынбасары Берекет Жайназаровтың қоқыс жәшіктерін теуіп жатқан видеосы тарап кетті. Қоқыс жәшіктерін теуіп, қоқыс сыртқа құлаған.

Қарағанды ​​әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаның былтыр күзде болғанын мәлімдеді.

«Аудан әкімінің орынбасары мердігерге жәшіктердің нашар салынғанын, жұмыстың сапасыз жүргізілгенін айтып, соны көрсеткен Мұндай әрекетке кез келген жағдайда жол берілмейді, мемлекеттік қызметкерлердің этика нормаларын бұзуға қатысты шара қолданылады», – деді әкімдік.

Қарағанды облыстық мәслихат депутаты Айдос Ещанов шенеуніктің неліктен бұлай істегенін түсіндірді.

«20 қазанда мердігер компанияның жұмыстарына тексеріс жүргізілді. Мердігер тапсырысты нашар орындаған. Бәріміз адамбыз және эмоцияға ерік береміз. Мұның бәрі халықтың жағдайы үшін», – деді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары