$ 479.38  531.63  5.27

Астана мен Шымкент көшелерін су басты (ВИДЕО)

Мегаполисте Бекжан көшесінің бойындағы туннельді су басқан.

Фото: видеодан кадр, t.me/astanovka98 Т
Фото: видеодан кадр, t.me/astanovka98 Т

Астана мен Шымкентте толассыз жаңбыр жауды. Салдарынан көшелерде жол қозғалысы да қиындаған. Тіпті Шымкентте бірнеше үйге су кіріп кеткен,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

25 мамырда толассыз жауған жаңбырдан кейін Астана көшелерін су басты. Сауда орталықтарының бірінің маңындағы жағдайды астаналықтар видеоға түсіріп алған. Кадрлар Telegram-дағы Astanovka98 арнасында жарияланды.

Судың көптігінен көлік нөмірлері көрінбейді.  Шымкентте де ауа райы нашарлады. Otyrar басылымының жазуынша, қалада алдымен дауыл басталған. Кейін толассыз жаңбыр жауған. Мегаполисте Бекжан көшесінің бойындағы туннельді су басқан. Сонымен қатар жаңбыр салдарынан Шымкентте бірнеше үйге су кірген.

 «Зақымданған үйлердің тұрғындары жаңбыр салдарынан үйдің шатыры мен қабырғаларынан су өткен. Кей пәтерлерде су бірнеше сантиметрге жетіп, жиһаздар мен жеке заттарға зақым келген», - деп жазылған Otyrar басылымында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары