$ 494.87  520.65  4.91

3D принтерімен қазақстандық архитекторлар Орталық Азияда алғаш рет бір аптаның ішінде үй салды (ВИДЕО)

Бір аптада салынған үйдің көлемі 100 шаршы метр, құны - 10 млн теңге.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда 3D принтерімен қазақстандық архитекторлар Орталық Азияда алғаш рет бір аптаның ішінде ғимарат салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы «Шаңырақ» ұлттық агроқозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбай жеткізді.

Бір аптада салынған үйдің көлемі 100 шаршы метр, құны - 10 млн теңге.

Үйді жас архитекторлар небәрі 1 апта ішінде тұрғызған. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан талмай еңбектеніп осындай нәтижеге жетіп отыр. Бұл инновациялық әдіс көмегімен киіз үй жасауға да болады.

Бұл ғимараттың осындай қысқа уақытта бой көтеруіне атсалысқан архитекторы Ұланның айтуынша, бұл – болашаққа деген үлкен қадам. Алда әлі ресми презентация жасалады.

Ең басты тиімділігі - уақыт. Бір аптада бой көтерген үйге, толық ұсақ-түйек жұмыстарды қоса алғанда 1 айдың ішінде кіруге болады.

Бұл үйді 4-5 адам ғана салған. Үш бөлмелі студия. Қабырғалары неоклассика стилінде жасалған. Ғимарат заманауи түрде өте сәнді әрі сәтті шыққан.

3D принтер - ғылымның үлкен жетістігі екені сөзсіз. Технология дамыған сайын, ғимаратты салу процесі біршама жеңілдеп, жылдам іске асатын болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары