$ 480.55  533.75  5.36

Астанада пышақталған оқушы қыз: Өлім аузынан қалған бойжеткеннің жағдайы ауыр

Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елордалық жасөспірім жас қызды өлтірмек болған. Қазір науқас ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Астанада Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын оқушы қызды пышақтап кеткен

«26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпбейінді ауруханаға іштің алдыңғы қабырғасынан бірнеше жарақат алған 2006 жылғы қызды жеткізді», - деп хабарлайды қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Ақпаратта айтылғандай, пациенттің іш қуысы жағына операция жасалған, қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. 

Естеріңізге сала кетсек, елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы бірнеше пышақ жарақатымен ауруханаға түскен болатын.

Әлеуметтік желіде зардап шеккен жасөспірім қыздың 12-сынып оқушысы екені, оған қарын, мойын, жамбас және қол аймағына пышақ жарақаттары салынғаны туралы айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары