$ 481.84  531.33  5.07

Жамбыл облысында бірнеше жасөспірім жантүршігерлік жол апатына ұшырады

Көлікті жүргізген 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатында үш адам дене жарақатын алып, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2024 жылғы 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан трассада болған.

“Тойота Камри" маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікті жүргізген 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 16
Күлкілі 1
Ашулы 15

Серіктес жаңалықтары