$ 476.27  515.47  5.41

Бүгін Алматы маңында қар жауды (ВИДЕО)

Қалың жауып, көшеде тұрған үстел-орындықтардың бетін басып үлгерген.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Алматы маңындағы тауларда қар жауды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде мамыр айындағы ерекше ауа райы құбылысының видеолары жариялана бастады.  Ал оңтүстік мегаполистің өзінде күні бойы жаңбыр жауды.

Telegram-дағы Almaty News арнасында Алматы іргесіндегі "Лесная сказка" тау курортында қар жауып жатқанын көрсетілген видео пайда болды. Бірінші кадрда қарға жазылған бүгінгі күн – 26 мамырды көруге болады. Қардың қалың жауып, көшеде тұрған үстел-орындықтарды жауып үлгергені байқалады.

Сондай-ақ, келесі бір видеода Медеуге жақын жерде қар қалың жауғаны айтылады. Ол видео Telegram-дағы Almaty Today арнасында жарияланған.

Ал Telegram-дағы "За нами уже выехали" арнасында тағы бір қар жауып тұрған видео "Ақ бұлақ" демалыс орнынан түсірілген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары