$ 494.87  520.65  4.91

«Канеломен айқассам деймін». Әлімханұлы Головкиннің есесін қайтармақ

Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Боксшы, орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында суперорта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) болжамды жекпе-жегі жайлы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы шаршы алаңдағы жекпе-жек келесі жылы өтуі мүмкін екенін болжап отыр. Жәнібек Әлімханұлы оған дейін қоржынына орта салмақта барлық титулды жинап алуға ниетті.

«Орта салмақта бірде-бір жақсы боксшы қалмады деп ойлаймын. Мен барлық төрт белбеуді тезірек жинап, Канеломен суперорта салмақта айқассам деймін. Бұл келесі жылы болады деп үміттенемін. Бірақ бір мәселе бар: Канело менімен айқасуға келісе ме? Көреміз!», - деп жазды Әлімханұлы Х парақшасында.

Естеріңізге салсақ, отандасымыз ESNews арнасына берген сұхбатында жаздың ортасында Лас-Вегаста рингке шығуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары