$ 494.87  520.65  4.91

«Бишімбаевтың көріпкеліне хабарласыңыз»: Қызылордалық белсендінің ісі елді елең еткізді

Батып кеткен малға ақша алу үшін оның өлексесін тауып, дәлел ретінде беру керек.

Фото: Гүлназ Серікбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған
Фото: Гүлназ Серікбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған

28 мамырда сот қызылордалық белсенді Гүлназ Серікбаеваға қатысты істі құқық бұзушылық белгілерінің жоқтығы үшін тоқтату туралы шешім шығарды. Оған әлеуметтік желідегі жазбасы үшін «жалған ақпарат таратты» деген айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәліметтерге сүйенсек, белсенді тұрғынның өзі тағылған айыпты жоққа шығарды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, полиция баяндамасында белсендінің Facebook-те жазбасын жариялағаны көрсетілген.

«Батып кеткен малға ақша алу үшін оның өлексесін тауып, дәлел ретінде беру керек. Малдың денесін таба алмасаңыз, Бишімбаевтың көріпкеліне хабарласыңыз, ол 100% көмектеседі», – делінген хабарламада.

Қорғаушы тарап бұл әрекеттерде қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, Серікбаеваның БАҚ-тағы ақпаратқа негізделгенін баса айтты.

Құқық қорғаушылар Гүлназ Серікбаеваның мақаласы сатиралық сипатта болғанын және бұл жазба белсендіні «саяси қудалауға» себеп болғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары