$ 494.87  520.65  4.91

Астанада жақында салынып біткен үйдің күйі адам шошырлық (ВИДЕО)

Тұрғындар құрылыс компаниясымен соттасуға ниетті.

Фото: видеодан алынған кадрлар
Фото: видеодан алынған кадрлар

Елордада жаңадан салынған «Самғау» тұрғын үй кешенінің қабырғалары тұрғындардың көз алдында үгітіліп барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Үйдің астындағы паркингі де алқам-салқам күйде. Әсіресе мұнда қабырғалары түгел сыз тартқан. Halyq Uni сайтының жазуынша, ылғалдан үгітіліп жатқан кірпіші өте көп.

Үйдің ішкі кіреберістері де көзге қораш көрінеді. Төбеден аққан су қабырғаларды бүлдіріп жатыр. Лифтілер орнатылып бітпеген. Жұрт жоғарғы қабаттарға жаяу мініп-түседі. Пәтерлердің есігі алдында электр сымдарының беті жабылмаған.

7-қабаттағы көршіміздің 6 баласы бар. Балалары велосипедті осында қоюға мәжбүр. Арғы жағында біз айтып жатқан тоқтың ашық тұрған жерлеріне рульдері тиетін болса, бала велосипедті алам деген кезде тоққа түсу кепілдігі жүзден қанша пайыз екені бір Аллаға мәлім, – дейді Абзал есімді тұрғын.

Ал шатырдағы көрініс тіпті қиын. Кірпіші үгітілмеген сау жер жоқ. Үйдің желдеткіш жүйесі төбесінен жабылмағандықтан, сырттағы жел керісінше пәтерлерге ұрады.

Үйдің ортадағы ауласы да жартылай ғана жасалған. Көп бөлігі қоршалып, құрылыс алаңы сол қалпында жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Ашулы 12

Серіктес жаңалықтары