$ 495.2  522.34  4.94

Зауытта күйік шалған екі машинист қыздың бірі көз жұмды

Оқиға бойынша өңірлік еңбек басқармасы тексеру шараларын жүргізуді бастады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалған екі машинист қыздың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

25 жасар пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан ол ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдеді басқармадан.

Бұған дейін Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін күйік шалған еді.

«Қазхром» ТҰК» АҚ ресми сайтының жазуынша, 24 мамырда Ақсу ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болған. Зауытта жұмыс кезінде №6 цехта ыстық металл құйылған шөміш жарылып, көтергіш кранның екі машинисін термиялық күйік шалды. Екеуі де әйел адам. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, оң жақ қолынан жеңіл жарақат алған науқастың бірі ауруханадан үйіне қайтарылған.

Өндіріс орнында болған жазатайым оқиға бойынша өңірлік еңбек басқармасы тексеру шараларын жүргізуді бастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары