Қазіргі таңда елдегі 700 мәдени ғимарат жөндеуден өтті.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент осы салада еңбегі сіңген өнер қайраткерлерін марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2023 жылы Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес қазіргі таңда елдегі 700 мәдени ғимарат жөндеуден өтті, 168 жаңа ғимарат салынды. Мәдениет пен өнер адам баласын рухани жетілдіріп, кемелденуіне есік ашатын маңызды сала. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытқа айрықша қолдау білдіріліп жүр. Сондай-ақ рухани құндылықтарымызды сақтау, жаңғырту, қайта жандандыру бағытында біршама жұмыс атқарылып келеді. Соның бірі жайында Мемлекет басшысы айтып өтті.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне біздің «салбурын» және «беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі пысықталып жатыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.