Қазір тергеу жалғасып, қылмыстық әрекеттің басқа да эпизодтары тексеріліп жатыр.
Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Қазір тергеу жалғасып, қылмыстық әрекеттің басқа да эпизодтары тексеріліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Еске салсақ, бұған дейін «Жетісу» футбол клубының жетекшісі қамауға алынғанын хабарлағанбыз. Бірақ оның ұсталу себебі айтылмаған еді.