«Мен бұл туралы сізден білдім», деп жауап берді Айтбек Амангелді.
Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қазақстандық саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев айтты.
«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», деді Ермұхамет Ертісбаев.
Informburo.kz ақпараты бойынша, Айтбек Амангелді бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын бұрын көрмегенін айтты.
«Мен бұл туралы сізден білдім», деп жауап берді Айтбек Амангелді.
13 мамырда алқабилер ұлттық экономика бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевты аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырды. 28 мамырда Қуандық Бишімбаев пен оның қорғаушылары сот шешіміне қарсы шағым түсірді.