$ 494.87  520.65  4.91

Алаяқтар жаңа әдіске көшкен: Бас прокуратура халыққа тағы ескерту жасады

Әлеуметтік желіде осындай дерекке куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Фото: Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратура қазақстандықтарды тағы да қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгінде алаяқтар адамдарды алдап, ақша табу үшін жаңа әдіске көшкен.

«Мессенджерлерде прокуратура органдары басшылығының фотосуреттері бар жалған аккаунттар ашып, алаяқтық белгілері бар хабарламалар жіберу дерегі жиіледі. Сондықтан Бас прокуратура қазақстандықтарды күмәнді және күдік тудыратын аккаунттар мен сілтемелерге өтпеуге қайта шақырады», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандықтар ондай жалған хабарламаларға сенбеуге тиіс.

Ескерту! Әлеуметтік желіде осындай дерекке куә болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары