Біз КСРО-да өстік, сондықтан мен үшін ешқандай айырмашылығы жоқ.
Ресейлік бапкер Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға неге келіскенін айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Сізге Қазақстанның ұсынысы неліктен қызық болды?» деген басылым тілшісінің сұрағына жауап берді.
«Ұсыныстардың қайдан келгенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ қайтадан шетелдік ортада жұмыс істегім келмеді. Оған қарсы ештеңем жоқ. Бірақ мен Венгрияда екі жыл жұмыс істедім, онда ағылшын және неміс тілдерінде сөйлесуге тура келді. Ал мен орыстілді ортада жұмыс істегім келді. Сосын Ресейге жұмыс істеуге келдім. Дегенмен, Қазақстан – орыстілді ел, біз КСРО-да өстік. Сондықтан бұл жерде мен үшін ешбір айырмашылық жоқ», - деді Бас бапкер.
Еске салсақ, 3 маусымда Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.