$ 494.87  520.65  4.91

Тағы да жемқорлық: Алматы метросында бюджет қаражатын жымқыру фактісі тіркелді

Алмалы аудандық сотында жаңа метро стансаларының құрылысы кезіндегі 5 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Фото: nashtransport.ru
Фото: nashtransport.ru

Алматыда «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған. Бұл тұжырымды Метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Айта кетейік, Алмалы аудандық сотында мегаполистегі «Сары арқа» және «Бауыржан Момышұлы» жаңа метро стансаларының құрылысы кезіндегі 5 миллиард теңгенің ұрлануына қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары