$ 494.87  520.65  4.91

«4 адам қаза тапты»: ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. 

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Ішкі істер министрлігінің өкілдері жүргізушілерге үндеу жасап, оларды көлік апатының алдын алу үшін жол ережесін қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция өкілдерінің айтуынша, жол ережесін мұқият сақтамаудың салдарынан азаматтар ажал құшып жатыр.

«Құрметті азаматтар, сіздерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырамын. Полиция өкілдері жол апаттарын болдырмау, жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Осы мақсатта күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полицей қызмет етеді. Экипаждар 50 шақырым сайын орналастырылған. Ол жол ережесін елемеу салдарынан жолда бірнеше адам қаза тапқанын жеткізді. Жылдамдық режимін сақтамайды. Қарсы жолға шығып кетіп жатады. Мысалы, 5 маусымда Ақтөбе облысында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кетті. Апатқа дейін оны полиция қызметкерлері тоқтатып, жол ережесін сақтауды ескерткен. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Жүргізушілерді тағы да жолда сақ болуға шақырамын», - деді жүргізушілерге үндеуінде ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары