Аталған факт бойынша Сарыарқа ауданы ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен тіркеді. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Қуандық Бишімбаевтың әкесі интернетте ұлы екеуі туралы жалған ақпарат тарауына байланысты полицияға арыз берді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елорда полиция департаментінің хабарлауынша, БАҚ-та жалған ақпарат тарату фактісі бойынша арызданған.
"29 мамырда Бишімбаев Уәлихан Қозыкейұлы Астана қаласы ПД Сарыарқа аудандық полиция басқармасына ұлы Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы және өзі туралы әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жалған ақпарат тарату фактісі бойынша арызданды", - деп жауап берді Астана қаласының полиция өкілдері ресми сауалға.
Аталған факт бойынша Сарыарқа ауданы ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен тіркеді. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.