$ 494.87  520.65  4.91

Орал тұрғыны туған қызын сотқа берді

Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Оралда анасы өзіне қорлайтын, балағат сөздер айтқаны үшін қызын сотқа берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға барысында екеуі де үйде болған. Қызы, өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы қызының үстінен арыз жазған.

Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздар негіз қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған, – делінген хабарламада.

Олар  татуласқандықтан сот тараптар арасындағы бейбіт келісімді мақұлдады. Іс жабылып, анасын қорлаған қызы жауапкершіліктен босатылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 13
Күлкілі 6
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары