10.06.2024, 12:00

Карина Мамаш дипломат күйеуінің қанша жылжымайтын мүлкі барын айтты (ВИДЕО)

Мен келе сала ажырасуға өтініш бердім, бірақ бізді әлі ажырастырған жоқ.

Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі барын жайып салды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Дағдарыс орталығында тұрып жатқан Карина Мамаш күйеуімен ажырасуға өтініш бергенін айтты.

"Біздің ортақ мүлкіміз бар. Бір үш бөлмелі үйіміз бар. Ол пәтерге оралсаңдар, мен саған кілтті беремін, мен саған жоламаймын, балалар үйде тұрсын деп жазды. Бірақ мен ол үйге оралсам, оның бір күні кіріп келмейтініне кепіл жоқ. Егер ол балаларының өз үйлерінде тұрғанын қаласа, ол үйді солардың атына жазып берер еді. Одан басқа тағы екі пәтер бар. Бірақ олар оның туыстарының атына жазылған. Олар да - біз некеде болған кезде сатып алынған пәтерлер. Мен келе сала ажырасуға өтініш бердім, бірақ бізді әлі ажырастырған жоқ", - деді Карина Мамаш.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

«Күйеуімді қамауға алғанын қалаймын»: Дипломаттың әйелі 10 жылдан бері қорлық көріп жүргенін айтты «Қылмыстық іс қозғалды»: Әйелін соққыға жыққан дипломат қызметінен босатылды  «Сені тек о дүниеге жіберемін»: Дипломат күйеуінен зәбір көрген әйел не үшін кетіп қалмағанын айтты «Менен жақсы өмір сүрді»: Әйелін ұрды деп айыпталған дипломат барлық мән-жайды түсіндірді