$ 480.55  533.75  5.36

«Қазсушар» мекемесінің 5 басшысы жауапқа тартылды

Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

«Қазсушар» мекемесі тексеріліп, 5 басшы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша заң бұзушылыққа жол берген «Қазсушардың» басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс соңына қарай «Қазсушар» бас директорының м.а. лауазымынан босатылды.

Жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылды.  

«Қазсушардың» басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары