$ 479.38  531.63  5.27

ШҚО-да қатты жел бірнеше үйдің шатырын қиратты

Сондай-ақ Быструха ауылындағы мәдениет үйінің шатыры қирап қалған.

Фото: Глубокое ауданы әкімдігі
Фото: Глубокое ауданы әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында қатты жел 19 үйдің шатырын қиратты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Черемшанка, Быструха және Малоубинка ауылдық округтерінде қатты жел соғып, үйлерге зақым келтірді.

Барлығы 19 жер үйдің шатыры қирады. Сондай-ақ Быструха ауылындағы мәдениет үйінің шатыры қирап қалған.

«Арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге желден зардап шеккен ауылдарға барып, зақымдалған нысандарды қарап, тұрғындармен сөйлестім. Дауылдың салдарын жою бойынша жұмыс жоспары әзірленген. Мәдениет үйін жөндеу үшін жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінеді. Ал үйлері бүлінген азаматтарға Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы материалдық көмек көрсетеміз», - дейді аудан әкімі Елдар Тұмашинов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шатыр #ШҚО #жел