$ 471.83  505.66  5.4

Бүгін футболдан Қазақстан мен Әзербайжан құрамалары ойнайды

Өткен аптада Қазақстан құрамасы Ереванда Армения құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бүгін Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында футболдан Қазақстан мен Әзербайжан елдерінің ұлттық құрамаларының жолдастық матчы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ойын сағат 19:00-ден бастап Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Осы кезге дейін ұлттық құрама командалар бір-бірімен сегіз рет ойнаған. Оның екеуінде Әзербайжан жеңіске жетсе, төртеуінде Қазақстан құрамасы басым түсті. Екі ойын тең нәтижемен аяқталған.

ФИФА рейтингінде Қазақстан 100-орында тұрса, Әзербайжан 113-орында келеді.

Бұл ойында Қазақстан құрамасы бас жаттықтырушының міндетін Руслан Балтиев атқарады. Ұлттық құрамаға жаңа тағаындалған бас жаттықтырушы Станислав Черчесов осы ойыннан кейін команданың тізгінін өз қолына алады.

Еске салсақ, өткен аптада Қазақстан құрамасы Ереванда Армения құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары