$ 472.57  508.34  5.4

Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі.

Фото: religions-congress.org
Фото: religions-congress.org

Биыл Құрбан айт мейрамы 16 маусымда басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері Құрбан айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады. 

Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға-тілек жасалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Бұл амал арқылы адамның ішкі ниеті, шынайы пейілі, дініне бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары