Қазақстанда қолына доп ұстап көрмеген сыншылар көп.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының, "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Әлібек Қасым Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында өзіне және әріптестеріне қатысты айтылған сынға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
11 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Мажарстанда өткен матчта Әзербайжан құрамасы кэмбек жасап кетті.
"Қатарынан екі жолдастық матчта да жеңіліп қалғандықтан, көңіл күйіміз жоқ. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды салдық. Жаттығуды жалғастырамыз. Жеңісті күндер әлі алда деп ойлаймын", - деді футболшы.
Қорғаныс шебін сынаған сарапшыларға қатысты Әлібек Қасымның ойы төмендегідей болды.
"Қазақстанда қолына доп ұстап көрмеген сыншылар көп. Олар сөйлей берсін. Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді", - деп жауап берді Әлібек Қасым.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қорғаныста нашар ойнады»: Черчесов футболдан Ұлттық құраманың жеңілісі туралы