Емхана басшылығы полиция шақырған.
Алты айдан бері комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға ауруханада ешкімді кіргізбесін деген тапсырма берілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы қоғам белсендісі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей жатыр. Оның үстіне емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырған. Ұлы өмір мен өлімнің арасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Басты сұрақ – оған ұлын неге көрсетпей жатыр? Біз Ербаянның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдейміз! – деді Иманбай.
Бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбазға анасының хабарынсыз ота жасап, миының жартысын алып тастағанын, тергеу жұмысының жүрмей жатқанын жариялаған едік. Содан кейін бас прокуратура мәлімдеме жасаған еді.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әскерилер шындықты айтқаны үшін сарбаздың анасын пәтерден қуып шыққан
«Клиникалық өлімді бастан кешкен»: Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түсті
«Лейтенант ұрып, өз жұмысын істеткен»: Қаза тапқан сарбаздың туысы жанайқайын айтты