$ 471.46  504.79  5.53

Астанада жер үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Астана қаласының Сарыарқа ауданында ТЖ қызметкерлері жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жануда.

Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары