$ 494.87  520.65  4.91

Арман Шораевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қажетті экспертизалар тағайындалды.

Фото: instagram.com/arman_shorai_team
Фото: instagram.com/arman_shorai_team

Азаматтық некедегі әйелін көшеде ұрып-соққан Арман Шораевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу дене жарақатын салу фактісі бойынша қозғалды.

Бүгін Астана қаласы Полиция департаменті іске қатысты пікір білдірді.

Бірге тұратын әйеліне қол көтеріп, дене жарақатын салу фактісі бойынша А.Ш. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті экспертизалар тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Астана қаласының көшесінде бейнебақылау камерасына түсіп қалған зорлық-зомбылық жайлы баяндаған болатынбыз. Бейнедегі ер адамның КТК телеарнасының экс-директоры, қоғам қайраткері Арман Шораев екені айтылған еді, десе де ол бұл оқиғаны жоққа шығарды.

Арман Шораев әр жылдары "Хабар" агенттігі бас директорының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы, КҚК телеарнасының бас директоры болған. Сондай-ақ 2004 және 2023 жылдары Мәжіліс депутаттығына кандидат болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары