$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде ауруханада жатқан әйел көршісінің өтінішін орындаймын деп 2 млн теңгеге алданған

Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Полицияға ақтөбелік әйел алаяқтық фактісі туралы арызданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың сәуір айында ауруханада емделіп жатқан кезде палатадағы көршісі телефонға қосымша орнатуын сұраған.

Zakon.kz сайтының жазуынша, күдікті жәбірленушінің телефонынан 2 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеп, өз шотына аударған.

Жәбірленуші бұл туралы банктен несиені төлеу туралы хабарлама келгенде ғана білген.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтөбе облысының 51 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары