Депутат Арман Шораевтың "жасанды интелектінің құрбаны болдым, видео жалған" деген жазбасына пікір қалдырып, оған көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи азаматтық некедегі әйелін ұрды деп айыпталған Арман Шораевқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Депутат Арман Шораевтың "жасанды интелектінің құрбаны болдым, видео жалған" деген жазбасына пікір қалдырып, оған көмек көрсетуге дайын екенін жеткізген.
"Arman әйел түгілі, еркектің есеріне қол көтермейтін тәрбиелі жігіт! Сондықтан козачков сияқты козелдарды заң жолымен жазалау керек! Қоғамға лаң салған осындай оңбағандардың езуін тіліп, сазайын тарттырған жөн! Арман бауыр, менен қандай көмек керек болса, телефон нөмірімді білесің, хабарлас!", - деп жазған Ермұрат Бәпи.
Естеріңізге сала кетсек, кеше желіде әйелге әлімжеттік жасаған видео тарады. Телеграм каналдары бұл "батырдың" танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екенін, ал әйел оның азаматтық некедегі жары екенін жазды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
Бишімбаев бастаған «флэшмобқа» белгілі бизнесмен Арман Шораев та қосылды