$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақты барынша арандатып жатыр»: Журналист киіз үйдегі ерсі биге қатысты құзырлы органдарға үндеу тастады

Неге полиция жұмыс істемейді. Неге желідегі үш-төрт адам ғана шуылдап қою керек?!

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Осы тұста танымал журналист, тележүргізуші Ерқанат Көпжасар аталмыш видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ұлттық мәдениетті қорлау: Киіз үйдегі трансвеститтердің әрекеті елді шошытты (ВИДЕО)

"Мына бишілердің бірі еркек дейді. Қазақты барынша арандатып жатыр. Үшінші фронт ашқысы келетін арам ниеттілердің тірлігі. Төзімдері қай жерде тарс етеді деп көргісі келеді. Бұған үн қатпадыңдар деп айтақтап отыр кейбіреулер. Ал үн қаттық дейікші. Сонда елдегі қызтекелердің бәрін қырып тастауымыз керек пе әлде Қазақстандағы әр киіз үйдің ішіне ЛГБТлар билемесін деп күзет қоюымыз керек пе?! Неге полиция жұмыс істемейді. Неге желідегі үш-төрт адам ғана шуылдап қою керек?! Меніңше құзырлы органдар ұлттық құндылық пен дәстүрді қорлағандарды “ұлтаралық араздық қоздырды” деп заңмен жауапкершілікке тарту керек", - деп жазды журналист.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: «Ою-өрнегімізді қор қылды»: Snoop Dogg-пен ән салған KeshYou тобының образы сынға қалды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары