14 шілде күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Боксшы әрқашан 100 пайыз дайын болуы тиіс», - деп жазды Жәнібек X (бұрынғы Twitter) парақшасында кезекті жаттығуының видеосын қоса жариялап.
Еске сала кетсек, 14 шілде күні таңертең (Астана уақытымен) Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін Әлімханұлы-Михайлович жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулдары сарапқа салынады. Әлімханұлы қазір екі белдіктің де иегері.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әйгілі промоутер Әлімханұлының кімдермен жұдырықтасатынын айтты