$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда тағы жер сілкінісі сезілді

Жер сілкінісі ошағы Қытай және Қырғыстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 км. жерде орналасқан. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы 2 балдық жер сілкінісі сезілді, деп Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 20 маусымда Астана уақыты бойынша 14 сағат 36 минутта жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің координаттары : 40.227 с.ш. 77.569 в.д. Жер сілкінісі ошағы Қытай және Қырғыстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 335 км. жерде орналасқан. Есептік қарқындылығы: Алматы қ., 2.0 балл», – деп хабарлады ТЖМ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары