КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
20 маусым күні сағат 20:00 шамасында Өскемендегі Есенберлин даңғылының бойында теміржол көпірінің маңында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
КамАЗ бен Geely көліктерінің соқтығысуы салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, жүргізуші түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрметті көлік жүргізушілері, жолда жүру ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!", - ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.