Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.
Күрес түрлерінен Иорданияның астанасы – Амман қаласында Азия чемпионаты өтіп жатыр. 17 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күресінен 60 келі салмақта белдескен Шәміл Досбол екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 17 жасқа дейінгі спортшылармен белдесіп, Қытай мен Үндістан балуандарын жеңіп, финалда Өзбекстанның өкілімен тең түсті. Алайда соңғы нәтижелі әдісті жасағандықтан, жеңіс қазақ спортшысына берілді.
Одан басқа, 92 келідегі Әділет Тойшы күміс медальді иеленсе, Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі) мен Едіге Төлеутаев (51 келі) қола жүлдеге ие болды.
Алмат Кебіспаев жаттықтыратын грек-рим күресінен U-17 құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орын иеленді.