$ 478.96  533.03  5.22

2:0: Еуропа чемпиондары еліне қайтты (ВИДЕО)

Швейцария құрамасы ширек финалда Англия – Словакия арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Фото: Дода телеграм каналынан
Фото: Дода телеграм каналынан

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Бұл жолдаманы алғаш болып Швейцария құрамасы жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Берлинде өткен ойында Мұрат Якин жаттықтыратын құрама Италияны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша қазіргі Еуропа чемпионы атағына ие "скаудра адзурра" еліне қайтты, деп жазады msports.kz.

Ойында 37-минутта Ремо Фройлер есеп ашты. Ол Доннарума қорғаған қақпа алдында командаласының пасын сәтті қабылдап, гол соқты.

Екінші голды швейцариялықтар екінші тайм басталған тұста-ақ еншілеріне жазды. Бұл жолы Рубен Варгас алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Оның шиіре тепкен добы Италия құрамасының қақпасында тулады. 

Швейцария құрамасы ширек финалда Англия – Словакия арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары