$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада екі ер адам мүгедектігі бар бала мен оның ата-анасын ұрып-соққан

Екі адам не болғанын білуге шыққан анамды жабыла ұрды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қызылордада ер адам алдымен мүгедек баланы, одан кейін ата-анасын соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желіде ұрып-соғу сәті түсірілген видео пайда болды.

Зардап шеккен баланың туысы оқиғаның 28 маусымда облыс орталығының сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болғанын растады. Кадрда қолында баласы бар ер адамның орындықта отырған балаларға қарай жақындап, олардың біріне балағаттай бастағанын көруге болады. Жасөспірім жайбарақат отырғанда, кенеттен ер адам оның басынан бірнеше рет ұрып, сосын тепкілей бастайды. Ар жағында әйел телефонмен сөйлесіп, не болып жатқанын бақылап тұрған.

Бұл бірінші подъезде тұратын тұрғындарға келген қонақтардың ісі. Менің інім мүгедек болғандықтан ол үнемі үндемей отырады. Көшеге сирек шығады. Сол күні көршіге келген қонақтың баласы аулада ініме тиісе берді. Ол шыдамай оның аяғынан тепті. Осыдан кейін екі ересек ер адам мен әйел адам аулаға шықты. Қолында кішкентай бала бар біреуі менің інімді аяусыз ұрып тастады. Сосын екі ер адам не болғанын білуге шыққан анамды жабылып ұрды. Сосын айқау-шуды естіп шыққан әкеме екеуі бірдей жабылды, - деп жазды Instagram парақшасында жәбірленушінің бауыры.

Оқиғадан кейін баланы ауруханаға жеткізген, оның ата-анасына да медициналық көмек қажет болған. Қызылорда облысының полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу басталғанын мәлім етті.

Тиісті тергеу шаралары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қызылорда