$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Синьхуа агенттігіне көлемді сұхбат берді

Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге оның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығын» бастадық.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Синьхуа агенттігіне жазбаша сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа ерекше қызығушылығын білдірді. Сонымен қатар Қытаймен қарым-қатынас және «Шанхай рухын» дамыту, Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен достығы туралы әңгіме өрбітті.

«Қазақстан Қытай Халық Республикасымен тығыз серіктестігін жоғары бағалайды. Біздің қарым-қатынасымыз берік достық, ортақ тарих пен тату көршілікке негізделген.

2022 жылдың қыркүйегінде менің досым Қытай Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге оның Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында біз екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығын» бастадық», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол қытай тілі туралы ойын ашық айтты.

«Әлемдегі және Қытайдың өзіндегі де тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескере отырып, мен тілдік дағдыларымды сақтау үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы тенденциялардан хабардар болу үшін үнемі қытай тілінде кітаптар оқимын», - деді Тоқаев.

Еске салсақ, 2-4 шілде аралығында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары