$ 494.87  520.65  4.91

«Қауіпсіз қоғам» жобасы: Елімізде қылмысқа «нөлдік төзбеушілік» қағидасы қалай іске асырылуда?

Ең бастысы, құқықбұзушылыққа тап болсаңыз, төзбеңіз, үнсіз қалмаңыз!

Фото: Ішкі істер министрлігі
Фото: Ішкі істер министрлігі

Қоғамның қауіпсіздігін күні-түні күзететін тәртіпсіздік пен заңбұзушылыққа жол бермеу ісінде құзырлы орган өкілдерінің маңызы зор. Біреу басына іс түсіп, құқықбұзушылыққа тап болса, дереу құзырлы орган өкілдеріне сенім білдіріп хабарласады. Бас ауыртқан мәселесін айтып, көмек сұрайды. Ал полицейлер заң аясында дереу іске кіріседі. Мұның өзі халықтың құзырлы орган өкілдеріне деген сенім білдіреді, жеп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұрынғы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораздың айтуынша, полицейлер өз міндетін атқаруда халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.

«Полицияның жұмысына әлеуметтік желілердегі видеоларға қарап баға беруге болады деп ойлаймын. Өйткені, көпірден секіріп жатқанды құтқаратын кім, полиция. Оттан да, ажалдан арашалап, адамдарды қиын жағдай кезінде құтқарып жүрген де сол полицейлер. Әрі қарай тізіп айта берсек, көп», - деді ол.

Ал Қазақстанда қылмысқа, құқықбұзушылыққа «нөлдік төзбеушілік( қағмидасы қалай жұмыс істейді?

Алдымен, мынан ескерген жқн. Қауіпсіздік кез келген мемлекетте адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі. Әйтсе де қауіпсіз ортаны құру тек арнайы құрылымдарды ғана емес, бүкіл қоғамды қамтитын процесс. Азаматтардың кез келген қылмысқа – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, ұсақ бұзақылыққа, тыныштықты бұзуға, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге немесе қоқыстарды дұрыс емес жерге тастауға төзбеушілік танытқанда ғана елдегі тәртіп туралы айтуға болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар құқық бұзушылықтың барлық түрлерін хабарлауда белсенділік танытқан. Өткен жылдың 11 айында нөлдік төзімділік аясында 614 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның 16 мыңы – ұсақ бұзақылық, 87 мыңы – тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу – 170 мың, құқық бұзушылық темекі шегуге тыйым салу – 16 мың, абаттандыру ережелерін бұзу – 203 мың, қоқыс шығару – 119 мың. Ал бұл құқықбұзушылықтардың едәуір бөлігін қарапайым азаматтар хабарлаған.

Қазір полицейлер темекінің шылым шекпейтін түрлері – насыбай, вейпке қатысты заң бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қабылдауда.

Алғашқы күндердің өзінде 28 қазақстандық тыйым салынған қоспаларды сату туралы хабарлады.

Міне, тағы бір индикаторлық көрсеткіш: өткен жылы 62 адам сыбайлас жемқорлық фактілерін мәлімдеп, бұл үшін жалпы сомасы 19,8 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындалған. Айта кетейік, сыйақы фактілер дәлелденген, яғни қылмыс іс жүзінде жасалған кезде ғана төленеді.

Әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Көбінесе белгілі бір құқық бұзушылық туралы бейнелер желіде пайда болады және полицияға тәртіп бұзушыларды тез табуға көмектеседі. Әдетте, бұл видеожазбаларды жағымсыз қылмыстардың куәгері болған азаматтар түсіреді.

Жоғары аталған фактілердің барлығы қоғамдағы құқық бұзушылыққа қарсу күрестің заңға сай жүргізіліп жатқандығының айқын көрінісі. Ал біз өмір сүріп отырған Қазақстан қоғамында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидалары қалай іске асырылуда? Шолу жасап көрелік. Бүгінде Ішкі істер органдарының мамандары кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу, түскен қоңырау бойынша жедел әрекет ету, рейд жүргізу, халыққа құқықтың түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуден әсте жалыққан емес.

Олар қоғамда болған барлық құқық бұзушылыққа дер кезінде көңіл қойып, заң аясында іске кіріседі.

Мәселен, бірде елордада жүрген шетелдік азаматты бір такси жүргізушісі алдап кетеді. Әлгі такси жүргізушісі шетелдікті аэропорттан қонақ үйге жеткізу үшін 45 мың теңге сұраған. Ал шын мәнінде ол кезде такси бағасы бұдан 10 еседей арзан болған. Сан соғып қалғанын кеш түсінген шетелдік қонақ сол кезде жақын маңдағы учаскелік полицияға жүгінеді. Нәтижесінде полицейлер оның құқығын қорғап, артық төлеген ақшасын қайтарып алуына әп-сәтте көместескен. Сонымен әлгі такси жүргізушісі кінәсін мойындап, айыппұл төлеп, жауапкершілікке тартылған.

Тізіп жаза берсек, мұнай оқиғалар көп. Ең бастысы, құқықбұзушылыққа тап болсаңыңыз, төзбеңіз, үнсіз қалмаңыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары