$ 479.38  531.63  5.27

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы: Қазақстанның әскери салада алға қойған мақсаты қандай

Сондай-ақ күнделікті өмірде де тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай жасау аса маңызды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әлемде қарулы қақтығыстар болып жатқан елдер саны аз емес. Сол деңгейде алып қарайтын болсақ қазір біз тұрақсыз кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Осы орайда елдің тұтастығы мен тыныштығы билік басындағылар үшін басты міндет. Skifnews.kz ақпарат порталы бүгінгі материалында «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында болып жатқан әскери саладағы өзгерістерге тоқталмақ.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы 2021 жылдан бастап 2025- жылға дейінгі аралықта Республикамызға қарасты Ұлттық қауіпсіздің стратегиясының индикаторларына қол жеткізуге негізделген.

Осы тұста Қорғаныс министрлігі жоба аясында Қарулы күштерді, Ішкі істер органдарын сонымен қатар мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесін дамытудың бірнеше бағыты барын мәлімдеді. Бұдан бөлек шекарамызды шегендеп тұрған әскери қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайлары да қамтылған.

Келесі жылға дейін атқарылуы тиіс жұмыстың қатары біраз міндетті қамтиды. Олардың ішінде әскери қызметкерлер пайдаланатын қару-жарақ пен техниканың кей түрін өз елімізде өндіру міндеті де тұр. Одан кейін қолда бар оқ-дәріні қауіпсіз жерде сақтау да аса маңызды. Өйткені одан төнер қауіп тым үлкен. Сол себепті аталмыш жоба оқ-дәрі сақтайтын қоймаларды тұрғызу жұмыстарын да қамтиды. Дамыған заманның көшіне ілесу үшін әскери саланы цифрландыру жұмысы да «Қауіпсіз ел» жобасы аясында іске асырылмақ.

Соңғы жылдары табиғат тосын мінезін көрсетіп, түрлі апаттар болуда. Жоғарыда атап өткен ұлттық жоба техногендік апат пен төтенше жағдай орын алған кезде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын пысықтауға да серпін береді. Қандай апат болмасын оған сақадай сай болу, дер кезінде тоқтата білу маңызды. Ұлттық жобада авариялық құтқару жұмыстарын пысықтау үшін маңызды іс-шаралар ұйымдастыру да қарастырылған.

Бұдан бөлек «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы шекара қызметіндегілерге ерекше көңіл бөледі. Нақтылап айтар болсақ, жоба аясында шекара қызметінің әскери қызметкерлері үшін жаңа нысандар салу көзделген.

Сондай-ақ күнделікті өмірде де тұрғындар үшін қауіпсіз жағдай жасау аса маңызды. Өйткені елдегі әрбір адам өзін қауіпсіз сезіне алуы мемлекет үшін бірінші орында тұрған міндет. Жоғарыда айтылған жоба қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті жақсарту үшін жұмыстанбақ.

«Осы аталған іс-шараларды жүзеге асыру – ұлттың қауіпсіздігін нығайту жолында кейбір уақыт күттірмейтін маңызды міндеттерді уақытылы шешуге бағытталатын ведомствоаралық кешенді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігің баспасөз қызметі.

Бұл жобаның ең маңызды және ең көп күтілетін нәтижелердің бірі әрі бірегейі – отандық кәсіпорындар арқылы қару-жарақ пен әскери техниканың санын көбейту, олардың жаңа түрлерін жасап шығару арқылы қолда бар технологияны да жаңарту болып отыр. Сондай-ақ бұл бастама өз кезегінде түрлі кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндігін береді.

«Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының аты айтып тұрғандай тағы бір басты міндет – оқ-дәрі сақталған аймақтардағы халықтың қауіпсіздігін нығайту.

Сонымен қатар, ұлттық жоба жұмыс орындарын құру арқылы әлеуметтік-экономикалық нәтиже беруді және ел бюджетін салық түріндегі кірістермен байытуды  көздейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары