$ 494.87  520.65  4.91

«Үзілді-кесілді жоққа шығарамын»: Данияр Әбілғазин Грекиядағы өртке қатысты мәлімдеме жасады

Мен де, менің қонақтарым да аралдың өртенуіне әкелетін әрекет жасаған жоқ.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

БАҚ-та жалған әрі теріс ой қалыптастыратын ақпараттың таралуына байланысты Данияр Әбілғазин мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

"Алдымен Грекияның Гидра аралы өртенгені өте өкінішті жағдай екенін айтқым келеді. 

Ал енді түсінікті болу үшін бәрін егжей-тегжейлі баяндап берейін: мен "Персефони I" яхтасын 2024 жылдың 15 маусымы сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылдың 22 маусымы сағат 12.00-ге дейін Греция аралдары арқылы өзіме әрі қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. 22 маусым – Грекиядан кетер күні бізбен жергілікті билік өкілдері сөйлесті, олар маған не менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай шағым түсірмеді. Осылайша біз алдын ала жоспарға сәйкес саяхаттадық. Оған қоса кейбір қонақтар 2024 жылдың 21 маусымында таңертең кетіп қалған.

Ал қайтып оралғаннан кейін баспасөз беттерінде таралған айыптауларды оқу біз үшін күтпеген жағдай болды. Мен кез келген құқық бұзушылықты үзілді-кесілді жоққа шығарамын.

Мен де, менің қонақтарым да аралдың өртенуіне әкелетін әрекет жасаған жоқ. Біз яхтада орнатылған өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа үшінші тараптардан өртке әкелуі мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқпыз. 

Біз әрқашан барлық қажетті қауіпсіздік шараларын ұстанамыз және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін заң мен нормаларға қатаң бағынамыз. Біз тергеу аясында грек билігіне көмек көрсетуге дайынбыз.

Тергеудің жалғасуына байланысты бұдан әрі түсініктеме беру немесе қандай да бір болжам жасау орынсыз болар еді", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары