$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан азаматтығын алған ресейлік спортшы әнұран жаттап жүр

Турнир 15-18 шілдеде Қарағандыда өтеді.

Фото: Instagram @sofyasamodelkina
Фото: Instagram @sofyasamodelkina

Бұдан былай Қазақстан атынан өнер көрсететін ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан әнұранын жаттап жүр, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Риа Новости Спорт порталына сілтеме жасап хабарлайды.

17 жастағы Самоделкина мамырда Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алған еді.

«Қазақстан әнұранының сөздерін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу қолымнан келетініне сенімді емеспін. Дегенмен, шамам жеткенше тырысамын», - деді спортшы.

Tengri Sport сайтының жазуынша, Софья мәнерлеп сырғанаудан жазғы Қазақстан чемпионатына қатысады. Бұл оның Қазақстан азаматтығын алғаннан кейінгі алғашқы жарысы болмақ. Турнир 15-18 шілдеде Қарағандыда өтеді. Самоделкина Астананың атынан бақ сынамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары