$ 478.96  533.03  5.22

Уимблдон: Юлия Путинцева әлемнің экс 1-ракеткасын жеңді

Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, әлемнің экс 1-ракеткасы, қазіргі кезде 221-орында тұрған германиялық, 36 жастағы Анжелика Кербермен бетпе-бет келді.

Путинцева матчты қарқынды бастады – 3:0. Бұдан кейін Кербер есепті теңестіргенімен, қазақстандық спортшы есесін жібермеді – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Юлия брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді – 6:3. Бір сағат 17 минутқа созылған ойында ол 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Кербер 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, чехиялық Катержина Синякова немесе рейтингіде 164-сатыдағы канадалық Марина Стакушичтің жеңгенімен шеберлік таластырады.

Ю.Путинцева өткен жылы Уимблдонда бастапқы айналымнан аса алмаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары