Ол ажырасқаннан үш ай бұрын арада келіссөз жүргізілгенін жеткізді.
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасқаннан кейін балаларға қатысты міндеттерді қалай бөліскенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Назым Қаһарманға оқырманның бірі сұрақ қойған. Ол ажырасқаннан үш ай бұрын арада келіссөз жүргізілгенін жеткізді.
"Біз ресми ажырасқаннан үш ай бұрын мен келіссөздерді бастадым, суық санамен байсалды түрде бастадым. Эмоцияны ысырып қойып, іштей барлығына келістім. Біз ешкімді жақсы ата-ана болуға мәжбүрлей алмаймыз.
Іскерлік тұрғыдан, балалардың барлық шығынын көрсетіп, біз алимент шартын жасадық. Қазір де соны ұстанып жүрміз. Ол құжатта кім не істейтіні және не үшін төлейтіні нақты жазылған. Әрине, ол өз түзетулерін енгізді, кейбір жерлерінде мүлдем келіспеді. Бірақ бұл - дұрыс! Осылайша біз мәмілеге келдік, екеуміз де түсіндік. "Жеңді-жеңді" стратегиясы өте сәтті өтті", - деп жауап берді ол.