$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндері 43 градус ыстық болады

Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон өз ықпалын сақтайды, соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.

Жаңбыр 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 2
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары