$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстанда бір адамға кастрация жасау үшін бюджеттен 130 мың теңге бөлінеді

Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Биыл Қостанай облысында сот шешімі бойынша 11 адам химиялық кастрациядан өтеді. Мұндай жаза кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы жасалып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кастрация жасалу үшін  мемлекеттік бюджеттен бір адамға 130-135 мың теңге бөлінеді. Бұл сомаға дәрігерлердің кеңесі, тексеру және жылына 24 инъекция кіреді.

Осы қызметті көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды Жітіқара аудандық ауруханасы мен Арқалық аудандық емханасы жеңіп алды.

Келісімшарттар әлі қаралып жатыр. Кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған 11 адамға арнайы препараттарды енгізу арқылы химиялық кастрация жасалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары