$ 494.87  520.65  4.91

«Қалыңдықтың жолы болған»: Тойда енесі келініне ыдыс-аяқ жуатын машина сыйлады (ВИДЕО)

Айдана, күйеуіңді және балаларыңды құшақтау үшін қолың бос болуы керек.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде тойда қалыңдыққа ыдыс-аяқ жуу машинасын сыйға тартқан ененің видеосы тарады. Көпшілік келініне сыйластық танытқан келіншектің әрекетіне оң баға беріп жатыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушыларына ененің келініне айтқан сөзі де ұнап қалды, деп жазады kaz.nur.kz.

"Айдана, күйеуіңді және балаларыңды құшақтау үшін қолың бос болуы керек. Сол үшін сағат ыдыс-аяқ жуатын машина сыйлаймын", - дейді келіншек.

Ал той басқарған асаба келін мен ене арасындағы сыйластыққа риза болды. Мұны көрген оқырмандар да той иелеріне ақ тілегін жаудырды.

"Айтқан сөзіне мән беріңіздерші", "Енесі қандай керемет адам", "Машинаны мейрамханаға көтеріп әкелген бе?", "Ыдыс-аяқ жуатын машина ас бөлмеде тұруы керек еді ғой", "Үйге апара салуға болмай ма?", "Көпшілікке үлгі болып жатыр", "Қандай керемет ене", "Бізге де осындай ене бұйырсыншы", "Қалыңдықтың жолы болған", "Жастарға бақыт тілеймін", - деп жазды жұрт. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары