$ 494.87  520.65  4.91

«Адамдар не болып жатыр өзі?». Ақтөбеде ер адам итті пышақпен тілгілеп тастаған

Оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ақтөбеде ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті пышақпен аяусыз тілгілеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап.

Оқиға 10 шілдеде Рысқұлов көшесінде болған.

Еріктілер полиция қансырап жатқан итті бір сағат бойы өздеріне бермегенін айтып отыр.

"Бізге Қарлығаш деген қыз хабарласып, Рысқұлов көшесінде иттің қан-жоса болып жатқанын айтты, бірақ ол тірі екен. Біз жеттік, ондағы баспалдақтың бәрі қан! Ол жерде полиция қызметкерлері жүрді, көмек сұраған қыз да болды. Итті кескілеп тастаған алған пәтеріне қамалып алған. Біз итті алып кеткіміз келді, бірақ полиция тергеу жүріп жатқанда оны бермейтінін айтты. Ит көп қан жоғалтты емес пе, оған шұғыл көмек қажет еді", - деді ерікті Людмила.

Еріктілердің айтуынша, ер адам осы әрекетінен кейін пәтеріне жасырынып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі келген кезде оны мас күйінде анықтаған.

Фото: diapazon.kz

 

Полицейлердің айтуынша, итке қажетті көмек көрсетілген.

"Жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Жазба астындағы пікірлерде Желі қолданушылар еріктілерге алғыс айтып және мұндай оқиғалардың болып жатқанын түсіне алмай дал болып жатыр:

  • "Итке көмектескендерге көп рақмет";
  • "Байғұс жануар, көзінде мұң. Жүрегім ауырып тұр;
  • "Адамдар не болып жатыр өзі?";

Ескерту! Видео ауыр әсер етуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары